Алматыда "Барахолка" базары өртенді

0
473

Базардағы бірнеше контейнер отқа оранған.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыдағы «Барахолка» базарынан өрт шықты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 29 сәуір күні таңғы сағат 09:25 өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 116, «Кенжехан-1» базары мекен-жайы бойынша шақыртуға шықты.



«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 9 минут ішінде сөндірілді»,- деп хабарлады ведомствадан.


Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.