Алматыда барахолка базары тағы өртенді

0
581

Оқыс жағдай Байсат базарында болған.


Алматыда барахолка базары тағы өртенді

ERNUR.KZ. Бүгін, 21 тамызда Алматыда "Байсат" базарындағы контейнерлер өртенді, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер барахолка маңындағы базарлардың бірінде контейнерлердің өртенуін анықтады.
"Жанындағы контейнерлерді сөндіру және салқындату үшін өрт саптамалары енгізілді. Нысанның өрт сөндіру гидранттарына автоцистерналар орнатылды, магистральдық желілер тартылды. Осылайша судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", делінген хабарламада.
Оқиғаорнында жоғары температура мен қатты түтін жағдайында өрт сөндірудің екі бөлімі құрылды, газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жұмыс істеді.
Өрт сөндірушілер базардағы өртті 25 минутта ауыздықтады. 14:50-де олар толығымен жойылды.