Алматыда "белгісіз" пневмониядан қайтыс болғандар арнайы ереже бойынша жерленеді

0
672

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысы шықты.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыда "белгісіз" пневмониядан қайтыс болған науқастар коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдар сияқты арнайы ережеге сәйкес жерленеді, деп жазады Tengrinews.kz.


"Коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдікке ілінгендер ошағынан және коронавирус инфекциясы анықталған марқұмдарды жерлеу алгоритмін коронавирустан, коронавирус жұқтырды деген күдігі бар және этиологиясы белгісіз пневмониядан үйінде немесе медициналық ұйымдарда қайтыс болғандарды жерлеу рәсіміне өзгертілсін", - делінген құжатта.


Белгіленген алгоритмге сәйкес, егер адам өлімі COVID-19-дан, әрі коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінсе немесе атипиялық пневмониядан болса, онда қайтыс болған адамның денесі міндетті түрде тиісті процедураларды жүргізу үшін денсаулық сақтау басқармасының патологиялық бюросына жеткізілуі керек.