Алматыда бірқатар көше мен үйлердің ауласын су басты

0
735

Су басудың себебі - арық желілерінің тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалуы.


Алматыда бірқатар көше мен үйлердің ауласын су басты

ERNUR.KZ. Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды. Жауынның салдарын жоюға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түні бойы тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан Алатау, Бостандық және Жетісу аудандарында көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су толды.

«Су басудың себебі - арық желілерінің тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалуы. Қала тұрғындарынан түскен хабарламаларға ТЖ департаментінің аудандық бөлімшелерінен су соратын техника мен адамдар жіберілді»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетерлігі, «Қазгидромет» ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте қала аумағына 36 мм жаңбыр жауған, бұл орташа айлық нормадан тыс. Ауа райы болжамына сүйенсек, жаңбыр бүгін де күні бойы жауады.