Алматыда бірнеше көшені ұзартуға Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді

0
1 457

Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.


Алматыда бірнеше көшені ұзартуға Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Алматыда бірнеше көшені Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарту үшін Ұлттық қордан сегіз млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Самұратов «Jetisý Media» ақпараттық алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, қазір Алматыдағы Саин, Солтүстік айналма, Рысқұлов және Абай көшелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған.

Биыл бұл мақсаттарға Ұлттық қордан сегіз миллиард теңге бөлінді. Саин көшесіне – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов – 2 млрд теңге, Абай – 2 млрд теңге, Солтүстік айалма жол – 1,3 млрд теңге, - деді С.Самұратов.

Бұған дейін Алматы әкімдігі екі көшенің Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылатыны туралы айтқан болатын.

Н.Тілендиев көшесін тоғыз шақырымға, ал солтүстік жарты айналма жолды 1,2 шақырымға ұзарту көзделген. Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.