Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда автобус бойжеткенді басып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
«3 қыркүйекте таңғы 8 шамасында 45 маршрут жүргізушісі Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрыла берген кезінде жаяу жүргіншіні басып кетті. Бойжеткен жарақат алды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді «АлматыЭлектроТранс» ЖШС өкілдері.
Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр.