Алматыда Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешені күзетшісін атып кетті (видео)

0
767

Күзетші ауруханаға жатқызылған.


Алматыда Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешені күзетшісін атып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда белгісіз ер адам Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісін атып кетті, деп жазады baq.kz.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрдан он шақты полиция қызметкерінің күзетші отыратын бутканы тексеріп жатқанын көруге болады.


"Аталған тұрғын үй кешені күзетшісі мен белгісіз ер адам арасында жанжал туындаған. Салдарынан аң атуға арналған қарумен күзетшінің аяғына оқ атылған", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментіндегілер.

Күзетші ауруханаға жатқызылған.

Оқиға орнына полиция күштері тартылып, күдіктіні ұстау шарасы қолға алынған.