Қазақстан тарапы БҰҰ қызметкерлерін орналастыру үшін БҰҰ қауіпсіздік талаптарына және басқа параметрлерге сәйкес келетін орынды табуға жәрдемдеседі.
ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Алматыда БҰҰ қандай агенттіктері орналасқанын атады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Мұндай шешімнің шығуына еліміздің өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі жоғары беделі де маңызды болды. Алматыны көпжақты ынтымақтастықтың өңірлік орталығы деп атауға болады», - деді Ақан Рахметуллин.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда халықаралық ұйымдардың ғимаратында аймақтық және субөңірлік мәртебеге ие БҰҰ-ның 18 агенттігінің өкілдіктері орналасқан (UNDP, IOM, UNESCO, UNEP, UNAIDS, UNFPA, UNICEF, UNOHCHR, UNODC, UNESCAP, UNHCR, UNISDR, UNOCHA, WHO, UNDSS, UNDGC, UN WOMEN, FAO). Сонымен қатар, қалада басқа халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус бар.
«Осы тұрғыда UNAMA-ның уақытша кеңсесінің ашылуы Алматының БҰҰ-ның өңірлік хабы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтуға жақсы көмек болады», - деп қорытындылады спикер.
Оның айтуынша, Қазақстан тарапы БҰҰ қызметкерлерін орналастыру үшін БҰҰ қауіпсіздік талаптарына және басқа параметрлерге сәйкес келетін орынды табуға жәрдемдеседі.
«Біз UNAMA-ның Қазақстанда болуын халықаралық-құқықтық ресімдеу мәселесін пысықтауға кірістік. Айта кету керек, БҰҰ басшылығы осы миссия қызметкерлерінің бір бөлігін уақытша орналастырудың әртүрлі нұсқаларын қарастырды. Алматының пайдасына шешім қабылдау түрлі факторларға байланысты болды. Оның ішінде біздің оңтүстік астанамыз қаржылық және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы, дамыған инфрақұрылымы, сондай - ақ әлемнің басқа елдерімен ыңғайлы әуе қатынасы бар», - деп СІМ өкілі.