Алматыда Денис Теннің ескерткіші орнатылған аумақ көлік тұрағына айналады

0
1 267


Алматыда Денис Теннің ескерткіші орнатылған аумақ көлік тұрағына айналады

ERNUR.KZ. Алматыдағы Денис Теннің ескерткіші орнатылған аумақ толықтай көлік тұрағына айналатын болды. Бұл туралы бүгін қалалық жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

"Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың ұсынысымен Панфилов-Абылай хан, Құрманғазы мен Шевченко Абылай хан көшелерінің аумағындағы екі жер телімі біздің иелікке өтті. Бұл аумақ көлік қоятын тұраққа айналады", - деді Алматы қалалық жоспарлау басқармасының басшысы Алмас Ахмеджанов.

Сондай-ақ, Ахмеджанов қаланы урбаницазиялау бойынша да есеп берді. Басқарма басшы, саябақта мен аулаларды көріктендіру жұмыстары жоспарланып, қалпына келтіру істерінің қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сәйкесінше қаланың орталығын реконструкциялау барысында Алмалы ауданында 29 үй жөнделіп, жыл соңына дейін ескі 72 үй қалпына келтіріледі. Ал Абай-Саин аумағында бұрғылау жұмыстары жалғасып, қалаға жаңадан қосылған аудандарда 44 жол салынған.

Сондай-ақ, Денис Теннің ескерткіші орнатылған Құрманғазы көшесіндегі аумаққа автотұрақ салу үшін дайындық жұмыстары басталып кеткен.