Жанып жатқан ғимараттан 50 литрлік үш газ баллоны сыртқа шығарылды.
ERNUR.KZ. Алматыда екі қабатты кафе өртеніп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрылғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
"Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданы Ақбұлақ ықшам ауданы Бәйтереков көшесі,13 мекенжайында орналасқан екі қабатты «Терраса» дәмханасының өртін сөндіріп жатыр. Жедел штаб құрылды", - деп жазады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство жанып жатқан ғимараттан 50 литрлік үш газ баллоны сыртқа шығарылғанын атап өтті.
"Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамның 55 адамы жұмылдырылды", деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.