Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды.
ERNUR.KZ. Алматыда Қытайда жасалған Shacman жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жол апаты орын алды, деп жазады zakon.kz.
Оқиға 3 қараша күні болды. Жүк тиелген Shacman алдымен Nissan Maxima көлігін соғып, автобус аялдамасы мен трансформаторды қақты, ең соңында бір үйдің ауласына кіріп барып аударылып түсті. Жүк көлігінің жүргізушісі кабинадан секіріп кетіп, соның арқасында аман қалды – кабина оңбай мыжылды.
Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды – Nissan мен Shacman жүргізушілері және аялдамада тұрған әйел адам.