Алматыдағы қаңтар оқиғасында барлығы 19 әскери қызметкер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қаза тапқан болатын.
ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясы курсанттарының ата-аналарына екі бөлмелі пәтер кілттері табыс етілді. Бұл меценаттардың сыйы, деп жазады Stan.kz.
Жас сарбаздардың ерлігі кез келген марапатқа лайық дейді меценаттар. Курсанттар Дәулет Жұпарбеков пен Мейірхан Бітім 19 жаста, Жайық Әділхан 22 жаста болған.
Олар бейбіт тұрғындарды арандатушылар мен бүлікшілердің шабуылдарынан қорғап қайтыс болды. Елбасының жарлығымен курсанттар қайтыс болғаннан кейін 3-дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапатталды.
Шекара академиясының басшылығы олардың ата-аналарына жақсы қызметі және спорттағы жоғары жетістіктері үшін алған барлық дипломдары, мақтау қағаздары мен кубоктарын тапсыруды ұйғарды.
Еске салсақ, Алматыдағы қаңтар оқиғасында барлығы 19 әскери қызметкер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қаза тапқан болатын.