Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 1640 кәсіпорын өтемақы алды

0
649

Қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді.


Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 1640 кәсіпорын өтемақы алды

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 1640 кәсіпорынның шығынын өтеді. Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"16,2 млрд теңге өтемақы төленді. Олардың 95%-ы төлемдерді қысқа мерзімде – осы жылдың 1 маусымына дейін алды", - деп атап өтті Әмрин.
Қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді орындауға көмектесті. Ал бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды.