Алматыда карантин басталғаннан бері алғашқы рұқсат етілген митинг өтеді

0
601

Митингті өткізуге Алматы әкімдігі келісім берген.


Алматыда карантин басталғаннан бері алғашқы рұқсат етілген митинг өтеді

ERNUR.KZ. Алматыда 13 қыркүйекте несиелік рақымшылық жасауды және жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салуды талап еткен рұқсат етілген митинг өтеді, деп жазады Stan.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, митинг 13 қыркүйекте сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы сквер алаңында өтеді.

Митингте қойылатын негізі үш талап: несиелік рақымшылық жасау, жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салу, Қытай елшісіне қатысты қандай да бір әрекет жасау.

Бейбіт жиналысты Қазақстанның тіркелмеген Демократиялық партиясының жақтаушылары мен азаматтық белсенділер ұйымдастырады.

Митингті өткізуге Алматы әкімдігі келісім берген. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның Facebook-тегі парақшасында жарияланған қалалық әкімшіліктің жауабында көрсетілген. Ұйымдастырушылар қатысушылардан санитария талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Жиынға ниет білдірушілердің бәрі қатыса алады.

Еске салайық, шілде айының ортасында Алматыда жануарларды қорғау үшін бейбіт митинг өткізу жоспарланған, алайда пандемияға байланысты жиналыс тоқтатылды