Алматыда 230 мың зейнеткер тұрады.
ERNUR.KZ. Алматыда 70 жастан асқан қарияларға зейнетақыны үйге жеткізетін болады, деп жазады sputniknews.kz.
Бұған дейін "Қазпошта" АҚ арқылы 80-нен асқан қала тұрғындарына зейнетақаны үйге жеткізу қызметі болған. Енді, карантинге байланысты осы қызметті 70 жастан асқан зейнеткерлерге де көрсету жоспарланып отыр.
"Қазіргі кезде 70-тен асқан зейнеткерлердің тізімі жасалып жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз – барынша көп адамды қамту. Сонда олар үйде отырады, зейнетақы алу үшін қалаға шықпайды, банкке бармайды. Адам көп жүретін жерде отырмайды. Бұдан да басқа бастамалар болады. Біз онымен шектелмейміз", - деді Тұяқбаев бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, Алматыда 230 мың зейнеткер тұрады.
16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді.