Алматыда кейбір көшелерде автотұрақ уақытша тегін болады

0
872

Бұл көшелердегі ақылы автотұрақ қызметінің қайта іске қосылатын нақты күні алдын-ала жарияланатын болады.


Алматыда кейбір көшелерде автотұрақ уақытша тегін болады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының орталық көшелерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатуына байланысты кейбір аудандарда ақылы әкімшілік автотұрақ қызметі уақытша тоқтатылды, деп жазады zakon.kz.

A-Parking мәліметінше, бұл мынандай көшелерде мүмкін:

- Бөгенбай батыр көшесі мен Наурызбай батыр және Қалдаяқова көшелерінің арасындағы (11 паркомат жөнделуде).

- Жамбыл көшесінің бойымен Желтоқсан даңғылы және Байсейітова даңғылының арасындағы, сондай-ақ Назарбаев даңғылынан батысқа қарай орналасқан шағын алаңда (2 паркомат жөнделуде).

Бұл көшелердегі ақылы автотұрақ қызметінің қайта іске қосылатын нақты күні алдын-ала жарияланатын болады.