​Алматыда қоқыс өңдейтін жаңа кешен іске қосылады

0
2 495

Алматыда 1 қыркүйекте қоқыс өңдейтін жаңа кешен ашылады.


​Алматыда қоқыс өңдейтін жаңа кешен іске қосылады

ERNUR.KZ.Алматыда 1 қыркүйекте қоқыс өңдейтін жаңа кешен ашылады, деп жазады ҚазАқпарат.

«2017 жылы желтоқсанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды», - деді қалалық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, жоба аясында қоқысты бөлек жинау, қоқысты қайта өңдеуді кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Кешеннің өзі Алатау ауданында орналасқан.

«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары күнтізбелік кестеден қалып қойды. Администратор мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында белгіленген уақытта инженерлік желілерді жүргізіп бітіре алмады. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсы екі рет өтті. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын пайдалануға беру уақыты 1 қыркүйекке қалдырылды», - деді Ә.Масабаев.