Алматыда көлігі 8 жыл бұрын ұрланған адамға айыппұл келді

0
435

Азаматтың айтуынша, 2013 жылы ағасының атына тіркелген "Нива" көлігі ұрланған.


Алматыда көлігі 8 жыл бұрын ұрланған адамға айыппұл келді

ERNUR.KZ. Алматылық зейнеткер ірі айыппұлы бар екен зейнетақысын аларда бір-ақ білді, деп жазады zakon.kz.

Азаматтың айтуынша, 2013 жылы ағасының атына тіркелген "Нива" көлігі ұрланған. Сегіз жыл бойы полиция ұрыны да, көлікті де таба алмапты. Бірақ бұлар да үмітін үзбей, күтіп жүрген. Сол себепті автокөлік салығын төлеуді тоқтатпаған екен.

Күні кеше бұл отбасыға үлкен сомадағы айыппұлы төленбегені туралы хабарлама келді. Соның салдарынан зейнетақы шоты бұғатталған. Содан ағайындылар шу шығарды.

Сөйтсек, менің көлігім сол жылы-ақ сәуірде табылып, Мәдинаға есімді бір әйелге беріліпті. Бұл іс Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде тіркелген. Олар жүргізген тергеу амалдарының нәтижесінде, мен машинаны алаяқтарға өзім тапсырған боп шықтым. Автокөліктің жақында тіпті ұрланған көліктер тізімінен алып тастағалғаны белгілі болды. Ал менің көлігімді көрмегеніме сегіз жыл болды. Істі сұрауға барғанымда оның прокуратура мұрағатына жіберілгенін білдім. Ал прокуратура істің жабылғанын айтады, дейді көлік иесі.

Қалалық прокуратура бұл істі реттеуге уәде берді.