Алматыда коронавирус жұқтырғандардың дені 30-39 жастағы азаматтар

0
696

Науқастардың басым бөлігі әйелдер.


Алматыда коронавирус жұқтырғандардың дені 30-39 жастағы азаматтар

ERNUR.KZ. Сараптама нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30-39 жастағы азаматтар екені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді..

«Сараптама нәтижесінде коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі 30-39 жастағы азаматтар екені белгілі болды. Одан кейінгі орында 20-29 жастағылар. Ал үшінші орында 50-59 жастағылар. Сондай-ақ, Алматыдағы науқастардың басым бөлігі әйелдер екені анықталды. Яғни 62, 5% - қыз-келіншектер, 37, 5% – ерлер», – деді департамент басшысы.