Алматыда коронавирустан емделіп жатқандардың барлығы вакцина алмаған – Бекшин

0
466

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі.


Алматыда коронавирустан емделіп жатқандардың барлығы вакцина алмаған – Бекшин

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қала емханаларында ем алып жатқан науқастардың барлығы коронавирусқа қарсы вакцина алмағанын мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Алдыңғы күні қалада 850 науқастың вирус жұқтырғаны анықталса, кеше 885 адам тіркелген.

Қазір қалада коронавирустың дельта немесе үнді штамы тарап жатыр. Оның таралуы екі есе жоғары әрі инкубациялық мерзімі де қысқа. Бүгін жұқпалы аурулар аурханасындағы реанимация бөлімшесінде болдым, онда жағдайы ауыр 45 науқас жатыр. Ауруханада жатқандардың барлығы вакцина алмаған, сондықтан сырқатты ауыр түрде өтіп жатыр. Көбінде аурулары асқынып, өкпелері зақымданған, - деді Бекшин.

Сонымен қатар ол халықты карантин шараларын сақтап, көпшілік жиналатын орындарға бармауға шақырды. Өйткені дельта штамы тарағалы балалар арасында аурушаңдық белгісі артқан.

Жыл басынан бері бір жасқа толмаған 1180 нәресте коронавирус жұқтырған. Ал шілде айының екі аптасында 185 нәресте ауырған. Оларға ата-анасынан, яғни отбасында жұғып жатыр. Бір жасқа толмаған нәрестелер қай жері ауырып тұрғанын айта алмайды. Сондықтан оларды қорғау керек. Оның үстіне 18 жасқа толмаған балалар арасында да аурушаңдық өсіп барады. Былтыр 280 оқушы ауырса, биыл 5 мыңға жетті. Сондықтан қауіпсіздік шараларын ұстануымыз керек, - деді Жандарбек Бекшин.