Алматыда қосымша 362 "Сергек" камерасы орнатылады

0
680

Қосымша камералар әсіресе қоғамдық көліктер жүретін жолаққа орнатылады.


Алматыда қосымша 362

ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін Алматыда қосымша 362 «Сергек» камерасы орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қосымша камералар әсіресе қоғамдық көліктер жүретін жолаққа орнатылады.


«Қазір қаладағы қоғамдық көліктер жүретін бөлікте ереже бұзғандарды анықтайтын «Жолақ» жүйесі орнатылған. Оның пайдасы зор. Көлік жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтауы үшін қосымша 362 «Сергек» камерасын орнатамыз, - дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.


Сонымен қатар, ол қосымша камераларды орнату жұмысы қыркүйек айынан бастап қолға алынатынын жеткізді.