Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып кетті

0
1 304

Жол апатынан көз жұмған ер адамның құжаттары болмаған, енді полиция оның кім екенін анықтауда.


Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 27 жастағы қыз ер адамды қағып өлтірді, деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты Розыбақиев көшесінде, MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сауда орталығының жанында 27 жастағы қыз рөлге ие бола алмай қалып, көлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, ер адамды соққан. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Машина сбила пешехода

Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталып жатыр. Медициналық тексерістен кейін адам қағып өлтірген қыздың қанында ішімдік болғаны анықталды. Апат орнында оқиғаның мән-жайын білу үшін криминалистер, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.