Алматыда мектептердің бірінде директор зорлаған мұғалім өзіне қол жұмсады

0
788

Мұғалім білім мекемесінің директоры өзіне бірнеше рет қорлық көрсетіп, 2022 жылдың күзінде зорлағанын айтады.


Алматыда мектептердің бірінде директор зорлаған мұғалім өзіне қол жұмсады

ERNUR.KZ. Алматыда аз қамтылған отбасы балаларына арналған №10 мектеп-интернатының мұғалімі директордың өзін зорлағанын айтты. Оқиғадан кейін әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп жазады stan.kz.

Мұғалім білім мекемесінің директоры өзіне бірнеше рет қорлық көрсетіп, 2022 жылдың күзінде зорлағанын айтады. Алайда бұл ақпаратты жария еткен соң директор жұмыстан кету туралы арыз жазып, тағылған айыпты жоққа шығарған.

Кейін зардап шеккен мұғалім хат жазып қалдырып, өзіне қол жұмсаған. Дәрігерлер оны дер кезінде құтқарып аман алып қалды.

Қазір Алматы қалалық түзеу мекемесінде ҚР Қылмыстық кодексінің "Зорлау" бабы бойынша іс қозғалды. Бұл арада полицейлер ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тағы бір іс қозғады.

Қылмыстық істерді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі тергеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.