Алматыда оқушы қыздар пышақ тақаған бұзақыға телефондарын ұстатып жіберді

0
951

Бұзақы жігіт мектеп оқушыларын пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған.


Алматыда оқушы қыздар пышақ тақаған бұзақыға телефондарын ұстатып жіберді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы облысының полициясы екі оқушыны тонаған күдіктіні қолға түсірді. 28 мамырда Алмалыбақ ауылының тұрғыны тәртіп сақшыларына арызданған. Саябақта қыдырып жүрген 13 жасар қызы мен құрбысына белгісіз азамат шабуыл жасапты. Бұзақы жігіт мектеп оқушыларын пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған, деп жазады sn.kz.

«Арыз түскеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде іздестіру жұмыстары басталып кетті. 30 жас шамасындағы алматылық күдікті қолға түсті», - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қазіргі күні суық қарумен оқушыларға шабуыл жасаған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның басқа қылмыстарға да қатысы болуы мүмкін.