Алматыда өткен жартылай марафонда астаналық қатысушы көз жұмды

0
1 408

Бұл қайғылы жағдайдан кейін спортшылардың сайысқа қатысу талаптарын қайта қаралатын болды


Алматыда өткен жартылай марафонда астаналық қатысушы көз жұмды

ERNUR.KZ. Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақ университетінің Алматыдағы филиалының студенті, 18 жастағы Максим Королев Алматыда өткен жартылай марафонда көз жұмды, деп жазады baq.kz.

Оның жанкүйері ретінде қасында болған топтастарының айтуынша, қаза болған студент ҚР-ның «Күрес және жауынгерлік самбо» бойынша спорт шебері кандидаты және кросс бойынша өткен қалалық спартакияданың жүлдегері (І орын) болған.

Куәгерлер Абай көшесі бойымен жүгіріп келе жатқан бала мәреге бір кварталдық қана қашықтық қалған кезде өзін жайсыз сезіне бастаған. Арада үш минут өткенде оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның өмірден өткен уақытын белгіледі. Бозбаланың өлім себебі сот-медициналық сараптама жасалғаннан кейін белгілі болады және оның қорытындысы жақын арада туған-туыстарына айталды.

Ұйымдастырушылар көз жұмған студенттің туыстарымен байланысып, оларға көңіл айтып, ата-анасының Алматыға келулерін ұйымдастырып берген.

«Смелость быть первым» корпоративтік қордың директоры Салтанат Қазыбаева әдетте марафон кезінде қатысушылар қандай қашықтықта жүгіретіндері ІІД қызметкерлерімен, медициналық жедел жәрдем станциясымен бірге анықталып, алғашқы көмек көрсету үшін медициналық қызметкерлер тиісті жерлерде тұратынын айтты.

«Бұл қайғылы жағдайдан кейін спортшылардың сайысқа қатысу талаптарын қайта қараймыз», - дейді ол.