Алматыда полиция көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

0
941

Әлеуметтік желіде оқыс оқиға сипатталған видео пайда болды.


Алматыда полиция көлігі қаққан әйел оқиға орнында көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда полицияның кезекші көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп жазады zakon.kz.

Әлеуметтік желіде оқыс оқиға сипатталған видео пайда болды.



Полиция бұл фактіні растады.

Бүгін, 14.06.2021 жылы сағат 07.00-де Алматы қаласы Алатау ауданында Hyundai Elantra маркалы қызметтік көлігін тізгіндеген ,жүргізуші - азамат Т., полиция қызметкері Өтемісұлы көшесі бойымен оңтүстік бағытқа қарай бет алып келе жатады. Кенеттен оқыс қимыл жасаған алдындағы автомобильмен соқтығыспас үшін Т. сақтанып, көлік рөлін бұрып, шығыс беттегі жол жиегіне шығып, автокөлік жуу орыны алдындағы жаяу жүргінші - азамат С.-ны, сондай-ақ жүргізушісі жоқ өздігінен тұрған Газель автокөлігін қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды, - делінген Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің түсініктемесінде.

Аталған фактіг ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қылмыстық іс Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының өндірісіне алынған. Жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.