Алматыда ресейлік азаматтар тұрғындарды сектаға тартқан

0
2 149

42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел бұған дейін ұсталған.


Алматыда ресейлік азаматтар тұрғындарды сектаға тартқан

ERNUR.KZ. Алматыда ресейлік сектанттар ұсталды, деп жазады stan.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алматылық әріптестерімен бірге Қазақстанда тыйым салынған діни-тоталитарлық сектаға адамдарды тартқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.

42 жастағы ер адам мен 60 жастағы әйел бұған дейін ұсталған. 2022 жылдан бастап олар Петропавлға бірнеше рет келіп, адамдарды сектаға тартты.

Сот оларды 50 АЕК яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге және Қазақстаннан кетуге міндеттеді. Алайда сектаның ізбасарлары Петропавлдан кетіп, Ресейге оралудың орнына Алматыға барған.

Келесі күні Петропавл мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 100 АЕК немесе 345 000 теңге айыппұл салынып, бес жыл елге кіруге тыйым салынды.