Алматыда серуенге шыққан 5 қыз адасып кетті

0
1 663

22 маусым сағат 19:48-де Алматының құтқару қызметіне әйел адам хабарласып, қасында 15-16 жастағы төрт құрбысы бар қызының тауда жоғалып кеткенін, олармен байланыстың үзілгендігі туралы хабарлады.


Алматыда серуенге шыққан 5 қыз адасып кетті

иллюстрациялық фото: bloknot-krasnodar.ru

Алматыда Көк жайлауда демалмақ болып адасып кеткен 5 қыз табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

22 маусым сағат 19:48-де Алматының құтқару қызметіне әйел адам хабарласып, қасында 15-16 жастағы төрт құрбысы бар қызының тауда жоғалып кеткенін, олармен байланыстың үзілгендігі туралы хабарлады.

Жеткіншектер күндіз тауға шығып, кешке қарай таудан түскен кезде жолдан адасып қалған екен. Күннің батып кетуі жолдан адасып кеткендерді іздеуге қиындық туғызды. Сондықтан құтқарушылар қосымша қызметті шақырды. Бірнеше бағыттарға бөлініп, жұмыс жасаған құтқару қызметі қыздарды тапты. Барлығы дін-аман үйлеріне оралды.

Айта кетейік, іздеу жұмыстарына 2 техника және қаланың құтқару қызметі жеке құрамының 8 адамы жұмылдырылды.