Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатып жіберген болатын.
ERNUR.KZ. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының бастығы Арыстанғани Заппаров айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы сабырсыздық танытып, іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырды. Салдарынан полиция қызметкерлері сынға қалды.
"Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей органда ұзақ жұмыс істемеді", – деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатып жібергенін жазған болатынбыз.