Алматыда спорт секцияларына баруды ата-аналардың QR-код арқылы растайтын болады

0
462

Енгізілген «1 бала = 1 ваучер» қағидаты балаларды тегін үйірмелер мен секциялармен қамтуды едәуір арттыруға мүмкіндік береді.


Алматыда спорт секцияларына баруды ата-аналардың QR-код арқылы растайтын болады

ERNUR.KZ. Әкімнің айтуынша, Алматыда бұқаралық спортты дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдануда, деп жазады baq.kz.

Бұрын artsport.edu.kz платформасында қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті тудырған мәселелерді ескере отырып, жаңа платформа жасау үшін конкурстар өткізілді. Ашық конкурспен www.damubala.kz;жаңа платформа анықталды, – деді Ерболат Досаев.

Енгізілген «1 бала = 1 ваучер» қағидаты балаларды тегін үйірмелер мен секциялармен қамтуды едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ваучерлер саны 65,1 мың (спорт – 30,5 мың; шығармашылық – 34,6 мың) деңгейінде қалыптасты. Жалпы Алматыда бұқаралық спортты дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдануда: 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 1 теннис орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 1 спорт орталығының құрылысына ЖСҚ әзірленіп жатыр, – дейді қала әкімі.

Еске салайық, спорттық инфрақұрылымды дамыту аясында күніне 700 адамға арналған «CHAMP1ON» спорт кешені ашылды.