Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат бұзылды

0
369

Алматыда бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен тұрғын үй кешендерін қосқанда, барлығы 33 заңсыз нысан бұзылды.


Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат бұзылды

ERNUR.KZ. Қалада заңсыз құрылысқа қарсы күрес жалғасып жатыр. Бұл жолы ауданы 1350 шаршы метрден асатын Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан ғимарат бұзылды, деп жазады sputnik.kz.

"Нысан тиісті құжатсыз салынған. Меншік иесіне кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілгенімен, оны елемеді. 9 қазанда сот қала құрылысын бақылау басқармасының талабын қанағаттандырды", - делінген хабарламада.
Ғимаратты бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен қаладағы құрылыс қызметіне бақылауды күшейту жөніндегі тапсырманың бір парасы.
Алматыда бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен тұрғын үй кешендерін қосқанда, барлығы 33 заңсыз нысан бұзылды.