Оқиға 5 шілдеде Жангелдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында болған.
ERNUR.KZ. Алматыда қоғамдық көлік пен "Тойота" автокөлігі соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 5 шілдеде Жангелдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында болған.
Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.
Еске сала кетейік, 26 маусымда Алматыда дәл осындай жол апаты болып, бір адам көз жұмған еді.
Кейіннен анықталғандай жол апатынан 25 адам зардап шеккен.