Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ

0
2 624

Ол бұған дейін түрмеден де қашқан.


Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ

ERNUR.KZ. Алматыда тергеу изолияторынан қашып кеткен күдікті үш күннен бері табылған жоқ. Дамир Давутов есімді айыпталушы Алматыдағы ЛА-155/18 мекемесінде жатқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қашу фактісі 15 ақпанда тіркелген. Күндіз адвокатымен кездескен күдікті дәретханаға сұранып, жолай кездесу бөлмесіне тығылып қалған. Биік дуал, қарулы күзетке қарамастан 34 жастағы ер азамат түнде түрмені тастап кеткен. Күзетшілер тек таңертең ғана сотталушынының жоқ екенін білген. Бұл оның осымен екінші рет түрмеден қашып шығуы. Ол 2010 жылы Ақтөбе облысындағы түзету мекемесінен де қашып шыққанмен, бір күннен кейін қолға түскен. 33 жастағы жігіт бұған дейінде алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін 6 жылға сотталып шыққан.

«Ағымдағы жылдың 15 ақпанында 1987 жылғы сотталушы Д.Т. Давутов ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кетті. Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе абақтыдан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны белгілі болды. Соңғы рет ол ұрлық пен алаяқтық үшін айыпталып, төтенше қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылған», - деп хабарлады Алматы қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметі.

Қашудың себептері мен жағдайларын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындылары бойынша оқиғаға жауапты лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қолданылады. Сотталушыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.