Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы адам қашып кетті

0
2 389

Төтенше хабарлама әлеуметтік желіде бүгін таңертең пайда болды.


Алматыда тергеу изоляторынан сотталушы адам қашып кетті

ERNUR.KZ. Алматыдағы тергеу изоляторынан сотталушы адам қашып кетті. Полиция оны іздеп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Төтенше хабарлама әлеуметтік желіде 17 ақпан күні таңертең пайда болды. Онда сотталушының 15 ақпанда қашып кеткені айтылған. Сол күні сағат 15-тен 17-ге дейін ол адвокатпен кездесуде болады. Кездесуден кейін ол дәретханаға баруға сұранады, содан кейін кездесуге арналған бөлмеде жасырынады. Ол арадан шамамен сағат 20: 30-да шығып, әкімшілік ғимараттың акт залындағы апаттық жағдайға арналған есіктің темір құлпын сындырып, мекеменің әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан 1,5 метрлік қоршаудан секіріп қашып кеткен.

Оның қашқаны туралы келесі күні белгілі болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ҚАЖ бұл ақпаратты растады.

Биыл 15 ақпанда сотталушы 1987 жылғы Д.Т.Давутов ЛА-155/18 мекемесінен (тергеу изоляторы) қашып кетті. Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан немесе күзеттен қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚАЖ комитеті басшылығының басшылық етуімен қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша лауазымды адамдарға қатысты тиісті шаралар қолданылады, деп хабарлады құзырлы ведоства.