Алматыда той көліктері екі полицейді қағып кетті

0
1 431

Капитанды қаққанымен қоймай "Лада Приора" полицияның қызметтік көлігін де итере-митере өте шыққан.


Алматыда той көліктері екі полицейді қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда жол полициясынан қашқан той көліктері екі полицияны қағып кетті деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап, Zakon.kz.

Полициядағылардың айтуынша, кешке кешкісін әл-Фараби даңғылында Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған жол-көлік полициясы батальоны қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған көліктер кортежін байқап, ізіне түседі.

"Алғаш рет полиция оларды Жароков көшесі бойында тоқтатуға тырысады. Бірақ олар оны елемей ағызып өте шығады. Одан соң жол ережесін бұзушыларды ұстау үшін Атакентке шығатын жол жабылады. Алайда бұл шектеу де оларды тоқтата алмады. Осы арада "Тойота Камри" көлігі полиция лейтенанты Мақсат Қилыбаевты қағып өте шыққан. Құдай сақтағанда, ол кері шегініп үлегерген. Осы кортежге тиесілі "Лада Приора" көлігін тоқтатпақ болған полиция капитаны Жандос Бұғалов та зардап шекті. Оның тізесіне қатты зақым келген, бірақ ол ауруханаға барудан бас тартқан. Капитанды қаққанымен қоймай "Лада Приора" полицияның қызметтік көлігін де итере-митере өте шыққан. Бәрібір олар оның ізіне түсіп, Сахариев көшесінде той көліктерінің үшеуінің де жолын жапты. Көліктерде "Қыз ұзату" тойынан қайтып келе жатқан тола жастар болған, оның ішінде қалыңдық та бар, - дейді Алматы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.




"Тойота Камри-70" көлігін 1996 жылғы туған А.Мамытжанов тізгіндеген. Оған қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Бірі полиция қызметкерінің бұйрығын тыңдамағаны, екіншісі – көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізгені үшін.
"Лада Приораның" рөлінде 1998 жылғы Е.Хамза болған. Оған қатысты 4 әкімшілік хаттама толтырылды: көлік әйнегіне тыйым салынған пердені пайдаланғаны, полиция қызметкерінің бұйрығын тыңдамағаны, көлік нөмірін жасыратын жылтыр пайдаланғаны, көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізгені үшін.