Алматыда тоққа түскен жасөспірімнің жағдайы ауыр

0
511

Науқас шұғыл түрде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.


Алматыда тоққа түскен жасөспірімнің жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Алматыда пойыздың төбесіне шығып, тоққа түскен жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 27 желтоқсанда жедел жәрдем бригадасы 2007 жылы туған жасөспірімді №4 клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне сағат 16:09-да жеткізген.

"Ол тоққа түскен. Науқас шұғыл түрде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты ауыр", - деп жазылған хабарламада.