Алматыда тұмау эпидемиясы басталды

0
990

Ауруханаға күніне тұмауға шалдыққан жүзден аса бала мен жиырмадан аса ересектер түседі


Алматыда тұмау эпидемиясы басталды

ERNUR.KZ. Алматыда тұмау белең алды. Балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасына күніне жүзден аса бүлдіршін түседі, деп жазады 24.kz.

Ал ересектерге арналған емханаға тұмауға шалдыққан жиырмадан аса адам жеткізіледі. Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, қалада 1 қазаннан бастап тұмауға арналған екпе жасалуда.

Әзірге 90 мың адам тегін екпе алды. Олар балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруға шалдыққан тұрғындар және медицина қызметкерлері. Дәрігерлер қазіргі жағдайды орташа деп бағалады. Айтуынша, жұқпалы аурулардың жоғары көрсеткіші қаңтар, ақпан айларында тіркеледі.

Тамара Утаганова, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: - Балалар, жүкті әйелдер, әлсіреген балалар, созылмалы аурулары бар науқастар және медициналық қызметкерлер. Егер осы әлеуметтік топтан шет болатын болса, әрбір азамат өзінің қалауымен ақылы түрде өтуге болады.