Бірінші жол апаты Төле би-Брусиловский көшелерінің қиылысында, екінші трагедия Сағи Әшімов көшесінде болды.
ERNUR.KZ. Алматыда түнде адам өліміне әкеп соққан екі жол апаты болды. 1993 жылғы қыз бен 1957 жылғы ер адам көз жұмды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Бірінші жол апаты Төле би-Брусиловский көшелерінің қиылысында болды.
Mitsubishi Montero жүргізушісінің айтуынша, ол қиылыстан өтіп, он метр жүргенде жолға қыз жүгіріп шыққан. Ол тежегішті басып үлгермеген, жаяу жүргіншіні қағып, бірнеше метрге сүйреп әкеткен, тек содан кейін ғана тоқтаған.
Салдарынан 1993 жылғы қыз ауыр бас сүйек-ми жарақатын алды, дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды.
Екінші қайғылы оқиға Сағи Әшімов көшесінің бойында, Азаттық көшесінің төмен жағында болды. Бейнебақылау камераларының жазбасына сәйкес, ер адам жол жиегінде аяқ киімсіз тұрған. Кейін жолды кесіп өтпек болған, алайда сүрініп кетіп, дәл жолдың ортасына құлаған. Сөйтіп біршама уақыт жолда жатқан.
Бірінші автокөлік ер адамды айналып өткен. Келесі көліктің жүргізушісі ер адамды көріп тоқтаған. Алайда осы кезде қатты жылдамдықпен келе жатқан үшінші автокөлік оны басып кетеді, одан кейін тағы бір көлік қағады.
Алған жарақатынан 1957 жылғы ер адам оқиға орнында көз жұмды.