Алматыда түнгі клубтың алдында ер адам көз жұмды

0
1 842

Үш адамның төбелесі адам өлімімен ақталды.


Алматыда түнгі клубтың алдында ер адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда түнде Алмалы ауданында адам өлімі тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, үш адам түнгі клубта ішімдік ішкен.


«Үшеуінің арасындағы сөз дауының арты жанжалға ұласқан. Төбелестің артынан 29 және 28 жастағы ер адамдар пышақ жарақатын алған. Олардың бірі өкінішке орай, алған жарақатынан көз жұмды. 36 жастағы күдікті ұсталды», - деді полициядан.


Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.