Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарлануда

0
2 408

Жүк және жолаушылар пойыздарының ағынын жеңілдету үшін станса керек.


Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарлануда

ERNUR.KZ. Алматы қаласының шеткі аймағында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Транспорттық инфрақұрылым» тақырыбы аясында өткен «Алматы бас жоспарын түзету» жобасының кездесуі кезінде айтылды, деп жазады baq.kz.

Осыған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ Алматы-3 вокзалын салу туралы ұсыныс жасаған. Жүк және жолаушылар пойыздарының ағынын жеңілдету үшін станса керек. Саин көшесі барып тіреліп жатқан Боралдай ауданында магистарлды жол салуды және Алматы-3 вокзалын қаладан батыс бағытқа қарай салуды ұсынамыз. Ол жерде станса керек, енді вокзал тұрғызу керек. Осылайша, бүкіл батыс өңір қамтылатын болады. Алатау және Наурызбай ауданының тұрғындары Алматы-2 вокзалына келмей-ақ қалаға кіре алатын болады. Осылай біз негізгі вокзалды қиындықтан құтқарамыз және Баум тоғайы арқылы өтіп, экологиялық заңнаманы бұзуы мүмкін екінші теміржол тармағын салудан құтыламыз, – дейді Алматыгипрогор-1 ЖШС бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев.

Оның айтуынша, Алматы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым. Алматы-1 мен Алматы-2-ні қоса есептегенде торап құрамына 9 станса кіреді. Қазір қала агломерациясын дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Алматы-1 – Алматы-2 желісінде екінші жол құрылысын; Алматы-2 стансасында қала маңындағы теміржол тасымалы үшін вокзалы құрылысын; Алматы-1 – Талғар бағытында жүк және жолаушылар теміржол торабының құрылысын; Алматы – Ұзынағаш трамвай желісі құрылысын салу жоспарланып отыр.