Алматыда вакцинация паспортын сатқандардың бірі ұсталды

0
743

Құжатты сатып алу үшін журналист өзін менеджермін деп таныстырған Ажар есімді белгісіз әйелге 15 мың теңге ақша аударған.


Алматыда вакцинация паспортын сатқандардың бірі ұсталды
иллюстрациялық фото
Алматыда екпенің электронды төлқұжатын жасауды кәсіпке айналдырғандар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Құжатты сатып алу үшін журналист өзін менеджермін деп таныстырған Ажар есімді белгісіз әйелге 15 мың теңге ақша аударады. Артынша төлқұжат жібереді.

"20 минуттан кейін бақылаушыдан вакцинаның алғашқы дозасы алынғанын растайтын құжат келді. Полиция жалған құжат жасаушыны ұстады", - делінген хабарламада.

Полиция күдіктіні ұстап, қалалық полиция департаментіне жеткізді. Белгілі болғандай, келіншек екі жылдан бері декреттік демалыста отырған қалалық емханалардың бірінің медбикесі болып шықты.

Күдіктінің телефонынан әртүрлі азаматтардың жеке куәліктеріның суреті табылды. Дегенмен әйел оның барлығына қызмет көрсететкенін жоққа шығарды.

«Врач айтты: "Туған-туыстарыңа керек болса, маған хабарлас». Оны мен, үйде отырған адам, қайдан білейін? Маған Айжан деген қыз хабарласты. «Ажар апай, қалыңыз қалай, осылай-осылай керек еді» деп, бір данный жіберді. Мен құр врачқа жібере салдым» - дейді күдікті
Ажар екі арада делдал болғанын айтады. Ал барлық жұмысты №21 емханада екпе салатын дәрігер тындырады екен. Анықтаушылар Индираны жұмыс орнынан таба алмады. Емхана басшылығы естіген бойда оны жұмыстан шеттетіпті.
«Ол бізде жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол өз қызметінен шеттетілді. Осы дерек анықталғаннан кейін қызметтік тексеру жүріп жатыр», - дейді №21 емхананың бас дәрігері Наталья Рахальская.
Мекеме басшылығы қызметкеріне қатысты ақпаратты тамтұмдап қана берді. Дәрігердің тұрғылықты жерін полицейлердің өздері анықтады. Бірақ үйінен таба алмаған. Алдын-ала екерту берген болу керек, есігін де жауып үлгермепті.
«Аталмыш дерек соталды бірыңғай тізімінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша тіркеліп, анықтау басқармасы тергеуді жүзеге асыруда. Осы іске қатысты барлық тұлғаларға құқықтық баға берілетін болады», дейді Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Екпе паспортының сатылатыны туралы біз 27 сәуірде ақпарат берген болатынбыз. Сол кезде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасың өкілдері бұны жоққа шығарған еді. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденетін болса 4 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін