Жаңа қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді.
ERNUR.KZ. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп жазады ҚазАқпарат.
Алматының бас санитар дәрігері жаңажылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.
«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, Ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынады», -делінген қаулыда.
Жаңа қаулы 26 желтоқсанда күшіне енеді.