Алматыда жаңадан алты саябақ ашылады

0
1 631

Сонымен қатар, жаңа саябақтар Медеу мен Наурызбай аудандарында да ашылады.


Алматыда жаңадан алты саябақ ашылады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының шетінде алты саябақ салынады. Олардың басым бөлігі Алатау ауданында орналасады, деп жазады sputnik.kz.

Сонымен қатар, жаңа саябақтар Медеу мен Наурызбай аудандарында да ашылады.
"Жаңа саябақтар балалар және спорт алаңдарымен, рекреациялық аймақтармен жабдықталады", - делінген хабарламада.
Әкімдік ақпаратынша, бүгінде қалада жалпы алаңы 631,2 га болатын 211 саябақ аумағы орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз нысанды абаттандыру, жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың бірі – ҚБТУ ғимаратының артындағы "Северный" сквері.
"Бастапқыда тек фонтанды реконструкциялау жоспарланды. Алайда, тексеру барысында бүкіл алаңның тозғаны анықталды. Нәтижесінде бүкіл аумақты қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Жоба бойынша ағаштарды санитарлық кесу, көгалдандыру, брусчатканы жаңарту, сыртқы жарықтандыру, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін бейнекамералар орнату қарастырылған", - дейді әкімдіктегілер.
Барлық жұмысты осы жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Байсейітова көшесінің бойындағы Сәтбаев көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағы спорт, балалар алаңдарымен, орындықтармен, урналармен жабдықталады. Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда мердігерлік ұйымның заңбұзушылықтарына байланысты жұмыс уақытша тоқтатылған. Анықталғандай, жұмысшылар онға жуық ағаштың тамырына зақым келтірген. Қала билігі осы учаскедегі проблемаларды талқылау үшін жақын арада жұртшылықпен кездесу өткізуді көздеп отыр.
Қала орталығынан алыс орналасқан әрбір ауданда серуендейтін аймақтар салу жоспарлануда. Мысалы, Боралдайдағы саябақ Терренкурға ұқсас болады, ал Зерделіде Орталық мәдениет саябағына ұқсас жастар саябағы салынады.
Әкімдік қаланың саябақтары мен гүлзарларын күтіп ұстауда проблемалар барын атап өтті. Сондықтан осы мәселені шешу үшін саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың тиісті сапасы мен бақылауды қамтамасыз ету функциясын бірыңғай оператор – "Eco Almaty" ЖШС-ға беру ұсынылды.