Алматыдағы барахолка маңында ірі өрт шықты

0
531

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт қоймада тұтанған.


Алматыдағы барахолка маңында ірі өрт шықты

ERNUR.KZ. Алматыдағы Барахолкада ірі өрт шықты. Өрт туралы ақпарат 07:16-да келіп түскен, деп жазады Stan.kz.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт қоймада тұтанған.

"Москвина көшесінде қойма өртенді. Оқиға орында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің күші техникалары жұмылдырылды. Жедел штаб өрт сөндіру үшін бірнеше учаске құрылды", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше конструкциялық ерекшеліктеріне қарай ғимаратта температура жоғарлап, конструкцияның құлау қауіпі туындаған.

"Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура пайда болдып, құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекен жайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді:", – деп қосты ведомство өкілдері.