Алматыдағы лай көшкіні: опат болған отбасының студент ұлына көмек көрсетіледі

0
426

Ерболат Досаев қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.


Алматыдағы лай көшкіні: опат болған отбасының студент ұлына көмек көрсетіледі

ERNUR.KZ. Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және оларды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денелері табылды.

«Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын», - деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі. Қаза болған отбасының студент әрі қазіргі уақытта елден тыс жерде оқитын үлкен ұлының білім алуына және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетін болады.

Еске салсақ, 8 ақпанда түнде Медеу ауданының «Тау Самалы» шағынауданындағы Олимпийская көшесі бойында лай көшкіні болып, бір үйді толық басып қалған. Үйінді астында қалғандардың екеуі ересек, екеуі бала. Барлығы – бір отбасының адамдары.