1 тамызда 16 қабатты үйде болған өрт кезінде қарапайым азаматтар да құтқару шараларына қатысты.
ERNUR.KZ. Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін орындаушы Ерлан Әлібеков "Ақкент" шағын ауданындағы өрттен кейін кімдер марапатқа ұсынылатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
1 тамызда 16 қабатты үйде болған өрт кезінде қарапайым азаматтар да құтқару шараларына қатысты. Өрт сөндірушілер келгенше біраз адамды далаға шығарды. Жақын жердегі құрылыс крандарының жүргізушілері де атсалысты.
"Кешегі өрт кезінде көмектескен адамдар бар. Олар – автокран жүргізушілері және Түркиядан келген құрылысшылар. Біз оларды есепке алдық. Министрдің атына арнайы хат жолдап, оларды марапаттайтын боламыз", - деді Әлібеков Алматыда өткен брифингте.
Өрт кезінде 200 адам қауіпсіз жерде эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер 80 адамды құтқарды. Соның ішінде 20 адамды құрылыс кранымен алып шықты. Әлібековтың айтуынша, ондай жағдай алғаш рет болып отыр. Алматыда өрт сөндірушілер барған жерінде 2-3 адамнан құтқарып жүрген.