Алматыдағы орталық мешіт 1000 баланы мектепке әзірлеуге жәрдем бермек

0
918

Құрбан айт мерекесінде пенденің сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.


Алматыдағы орталық мешіт 1000 баланы мектепке әзірлеуге жәрдем бермек

ERNUR.KZ. Құрбан айт – рухани жаңғыру мерекесі. Қасиетті күнді таңсәріден бері алматылық жамағат та жақсы ниетпен, ізгі амалмен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала мешіттерінде жиналған қауым Аллаға құлшылығын жасап, құрбандық шалып жатыр. Құрбан шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ пенденің сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық көрсету сауабы мол іс. Осы орайда қалалық орталық мешіт биыл 1000 баланы мектепке әзірлеуге жәрдем береді.

– Бұл мерекенің осындай жылулықтың, қуаныштың жақсылықтың, ізгіліктің мерекесі екенін сезіну керек. Сондықтан мектепке жол науқанның барысында біз сол 100 балаға арнайы айттық сыйлықтар, яғни Құрбан айттық сыйлықтар дайындап отырмыз, - дейді қалалық орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.