Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

0
545

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.


Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, орнына саябақ салынады

Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады» деп жазды Берік Уәли.