Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Қорғаныс министрлігінің 130 курсанты зардап шекті

0
514

Қорғаныс министрлігі Алматының Орталық алаңын қоршауға алғашында әскери оқу орындарының курсанттары тартылғанын айтты.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Қорғаныс министрлігінің 130 курсанты зардап шекті

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікті ауыздықтау кезінде әскери оқу орындарының 130 курсанты жараланғанын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қорғаныс министрлігі Алматының Орталық алаңын қоршауға алғашында әскери оқу орындарының курсанттары тартылғанын айтты. Кейін бейбіт митинг тәртіпсіздікке ұласып, олар тұрақты орналастыру пункттеріне жіберілген.

"Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде 130-ға жуық курсант зардап шекті. Барлығына дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Курсанттар оқуға оралды. Қазір екі курсант ауруханада жатыр", - деді Қорғаныс министрлігі.
"Әскери оқу орындары курсанттары мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері арасында қаза тапқандар жоқ", - деді министрлік.

Жауапты және тәуекелді міндеттерді орындау келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған бөлімшелерге жүктелетінін департамент түсіндірді.

"Сонымен бірге, әскери ант қабылдаған әскери қызметкерлер мен әскери оқу орындарының курсанттары еліміздің егемендігін қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерге тартыла алатынын атап өткен жөн", - деді министрлік.