Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air ұшқыштары Тоқаевқа үндеу жолдады

0
1 165

Бұған дейін әуе компания қызметкерлері осы мәселеге байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұраған.


Алматыдағы ұшақ апаты: Bek Air ұшқыштары Тоқаевқа үндеу жолдады

ERNUR.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Алматы маңында ұшағы апат болған Bek Air әуе компаниясының қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде 2019 27 желтоқсан күні болған әуе апатын тергеу шаралары жалғасуда. Осыған байланысты Bek Air әуе компаниясының қызметі әзірге тоқтап тұр. Ал компания оператор сертификатынан айырылуына байланысты оның қызметкерлері ұзақ уақыт бойы жұмыссыз отыр.

Бұған дейін әуе компания қызметкерлері осы мәселеге байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұраған. Енді Bek Air ұшқыштары, бортсеріктері мен инженерлері осындай өтінішпен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Компания қызметкерлері президенттен оператор сертификатын жаңарту процесіне қолдау көрсетуді сұрайды. Бейнеүндеу KZ 000 YouTube-арнасында жарияланды. Қызметкерлердің Елбасыға жолдаған үндеуі де осы жерде жарияланғанын айта кетейік.

Өз үндеулерінде ұшқыштар Қазақстан авиациялық әкімшілігінен алынған радиограмма туралы мәселені көтерді. Құжатта оператор сертификатының тоқтатылғаны айтылған. Қызметкерлердің сөзінше, тергеу әлі күнге дейін аяқталған жоқ.

Олар радиограммада ҚАӘ-нің талаптарына қайшы келетін нақты бұзушылықтар аталмағанын алға тартуда.

Ұшқыштардың айтуынша, компания әуе сапарларын жүзеге асыру үшін қауіпсіздігімен ерекшеленетін, сондай-ақ аймақтық рейстер үшін қолайлы Fokker-100 ұшақтарын таңдаған.

Қазіргі таңда компанияда бортына 108 жолаушыны сыйдыра алатын 9 Fokker-100 ұшағы бар.